352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында ауылшаруашылық техникалары 10 пайызға жаңарады

  • 180

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласындағы 17 мыңға жуық бірлік техниканың 30 пайыздан астамы ескіріп, тозығы жеткен.

Мәселен, аймақтағы 984 комбайнның тек 49 пайызы жұмысқа жарамды. Қалғаны не жұмыс істемейді, не есептен шығару керек.  Мал азығын даярлайтын және жер өңдеу техникаларының да жағдайы мәз емес. Бұл мамандардың арнайы жүргізген талдауы кезінде анықталып отыр. Соңғы 4 жылда аймақтың техникалық паркі 4,1 пайызға дейін ғана жаңарған. Осыған байланысты қазір өңірде техникаларды қайта жарақтандыру картасы жасалып жатыр. Осы арқылы 2021 жылға дейін база 10 пайызға жаңартылмақ. Бұл ауыл шаруашылығы құрылымдарының табыс көлемін – 20, ал дақылдардың өнімділігін 25 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұдан бөлек «Егістік алқаптарын арттыру», «Тұқым шаруашылығын дамыту», «агрохимия», «мал шаруашылығының өнімділігін арттыру», «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу» сияқты басым бағыттарды дамыту бойынша 6 карта әзірленбек.

Берік Нығмашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- 18 жылға 4,5 пайызға жеткізу бойынша меже қойдық. Бұл жерде кем дегенде 3 миллиард теңгеге техника сатып алу. Өйткені бізде комбайндар, тракторлар ескірген. Картаны жасаған кезде нақты қай тауар өндірушіге керек, солармен ақылдасып жасап жатырмыз. 90 пайызға дайын тұр. Тек қана қаражат мәселелері бойынша министрлікпен ақылдасып, қалай шешетініміз ғана қалды.

Хабар 24 телеарнасы