356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағайда 6 адам суға кетті

  • 286

Алматы қаласының маңындағы Қапшағай көлінде өткен демалыс күндері 6 адам суға кетті.

Барлығы 50-ден аса адам құтқарылған. Соның 12-сіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтеншеліктердің айтуынша, жексенбі күні Қапшағайда аяқ астынан жел күшейіп, толқын көтерілген. Сол себепті жүзу құралдарымен жағадан алыстап кеткен демалушыларды шұғыл түрде эвакуациялауға  тура келді. Бұл жұмыстарға 32 құтқарушы мен 18 полицей жұмылдырылды.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі:

- Суда қаза болудың басты себептері ішімдік ішіп алып суға түсу, ауа райының қолайсыз кезінде суға түсу, суға түсуге қаралмаған орындарда суға шомылу және балаларды қараусыз қалдыру болып табылады. Осындай себептермен Алматы облысы аумағында 21 адам суға батты.

Хабар 24 телеарнасы