352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде алғашқы бүйрек алмастыру операциясы сәтті аяқталды

  • 171

Өскемен қаласында алғашқы бүйрек алмастыру операциясы сәтті аяқталды.

Ағза трансплантациясын аман өткерген екі науқастың бірі бүгін үйіне шығарылды. Анар Әубәкірованы сырқаты 3 жыл бұрын мазалай бастапты. Ал өткен жылы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді болып қалған еді. Сәтін салып Анарға туған сіңлісінің ағзасы сәйкес келген. Осылайша, Астана мен Алматыдағы білікті мамандардың көмегімен күрделі операция жасалды. Барлығы нәтижелі болып, 50 жастағы келіншек қайтадан толыққанды өмір сүре алатын халге жетті. Енді Анар үйіне жетуге асық. Жасанды аппараттан құтылып, қатарға қосылған келіншек отандық дәрігерлердің біліктілігіне дән риза.

Анар Әубәкірова, емделуші:

– Қазір жақсымын, 9 ай ұйқтаған жоқпын. Қазір ұйқым жақсы. Енді барлығы өз орнына келеді деп ойлаймын.

Сергей Белых, бірінші қалалық аурухананың операция бөлімі меңгерушісі:

– Осы сәтті өткен екі операциямен шектелмеуміміз керек. Жоспарымыз үлкен. Өйткені өңірде 160 адам ағза трансплантациясына зәру. Енді күз айында тағы бір-екі науқасқа осындай операция жасасақ деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы