361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар «Ұлы дала еліне саяхат» атты ауқымды экспедицияның куәсі болады

  • 260

«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы барысында басты 6 туристік бағытты аралау көзделген.

Экспедицияның мақсаты – туризмді дамыту. Саяхатшылар еліміздің көрікті, тарихи әрі тағылымдық маңызы бар аумақтарын жаяу жүріп, атпен серуендеп, велосипедпен аралайды. Ал әсерлі сәттер тұмса табиғат бейнесі фото-банкте сақталады. Еске салайық, шараның басты ақпараттық серіктестігі – «Хабар» агенттігі.

Рашид Күзембаев, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

– Еліміздің табиғаты ерекше. Мұнда тау да, орман да, жазық дала да, көл де, өзен де бар. Сондықтан біз Қазақстанның түкпір-түкпіріне баратын Алтайдан-Жібек жолына, Тянь-Шаньнан Каспийге, Сарыарқадан Алатауға дейінгі аралықты қамтитын экспедицияны ұйымдастырып жатқанымызды мақтан етеміз.

Хабар 24 телеарнасы