356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы ІТ-сыныптың жұмысымен танысты

  • 110

Білімді де саналы ұрпақ – ертеңгі білікті маман, мемлекеттің келешегі.

Ал ақпараттық ғасырда жаңа технологияларды игеруге ниет еткен жастар ел тірегіне айналмақ. Алматыдағы Оқушылар сарайындағы ІТ-сыныпты көрген Мәжіліс депутаттары осындай пікірде. Бұл сыныпта балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өзгеше ойлауға және инновациялық жобаларды іске асыруға, робототехника мен бағдарламалауды меңгеруге үйретеді. «Цифрлы Қазақстан» бағарламасы аясында былтыр ашылған сыныпта оқу тегін. Ал 2020 жылға дейін еліміздің барлық өңірлерінде жеті мыңға жуық осындай ІТ-сынып ашу көзделіп отыр.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елімізде осы 2-3 жылдың арасында мыңға жуық ІТ-сынып ашылады екен. Былай санап қарасаңыз, жарты миллиондай жасөспірім сондай сыныпта мамандықтарын алады. Ол қандай тамаша. Келешегіміз жас балапандарымыздың алдында тұр. Соған қуанамыз.

Хабар 24 телеарнасы