353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары келер жылы басталады

  • 135
Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары келер жылы басталады

Жол құрылысына қажетті жер телімдерін бағалау үшін арнайы компания құрылған.

Олар үй иелерімен келісіп, ізінше мемлекет мұқтажына керек аумақтарды сатып алмақ. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қомақты қаражат қарастырылған. Қазір тас жол түсетін орында 293 жер телімі бар екен. Жауаптылар бұл жердегі ескі үйлердің барлығын келер жылы толықтай сүріп тастамақ. Ал биыл Алматыдағы 140 жер учаскесі мемлекет меншігіне өтеді. Оған республикалық бюджеттен 6,1 млрд теңге бөлінген.   

Алтынбек Ахметов, қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Қазір оның жалпы саны саналды. Үй иелерінің барлығы табылды. Құжаттарын жинап, қарап жатыр. Қазіргі уақытта бағалау жұмыстары өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы