359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да балалардың суға кету оқиғасы жиіледі

  • 121

Шығыс Қазақстан облысында 10 жасар баласын өлімнен құтқармақ болған әкесі көз жұмды.

Оқиға Глубокое ауданындағы таулы өзен бойында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, баласымен бірге демалып жүрген азамат аяқ астынан ұлының суға батып бара жатқанын көріп өзенге секіреді. Ол баласын жағаға лақтырып үлгергенімен, өзі судан шыға алмай қалған. Марқұмның денесі тек бірнеше күн өткен соң сол жерден 25 шақырым қашықтықта табылды. Құтқарушылар суға шомылудың қарапайым ережелерін елемей жатқандар көп деп алаңдаулы. Мәселен, өткен демалыста ішімдік ішкен 36 және 47 жастағы екі азамат суға батып кеткен.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Сақтық шаралары туралы қаншама насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ешкім құлақ асып жатқан жоқ. Тұрғындар қарапайым қауіпсіздік талаптарына да мән бермейді. Ал ішімдік ішіп суға шомылғандар өздерінің күшін асыра бағалап, ақыры суға батып кетеді.

Хабар 24 телеарнасы