352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бүлдіршінді қаққан кінәлі жүргізуші іздестіріліп жатыр

  • 257

Алматыда көлік қағып кеткен бес жасар баланың ата-анасы кінәлі жүргізушіні тауып, әділ жазалауды сұрайды.

Еске салайық, оқиға кеше түске дейін болған. Тұрғындардың айтуынша, баланы айналма жолда қағып кеткен жүргізуші еш көмек көрсетпестен ізін суытты. Бүлдіршіннің бас сүйегінің жарты бөлігі зақымданған. Оған осы уақытқа дейін бірнеше операция жасалды. Баланың туыстары куәгерлер мен жағдайға бейжай қарамайтын азаматтардың көмегінен үмітті.

Руслан Хабибов, баланың ағасы:

- Кінәлі азамат табылып, жазаланғанын қалаймыз. Жауапкершілікке тартылуы керек. Баланы дәрменсіз күйде қалай қалдырып кеткен? Түсіне алар емеспін. Жүрегі бар ма өзінің?

Аблатуш Бадан, қала тұрғыны:

- Мынау өтпелі көше. Елді мекен тұрғындары түгел осы жермен жүреді. Біржолақты жол екенін білдіретін белгі қойса болар еді. Алматы облысының Шелек ауданының барлық жүргізушілері осы аумақпен жоғары жылдамдықпен жүріп өтеді. Бұған шыдау мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы