352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жекешелендіру: 8 нысан саудаға қойылды

  • 145
Жекешелендіру: 8 нысан саудаға қойылды

Елімізде жекешелендіру бойынша осы жылға жоспарланған 39 нысанның 8-і саудаға қойылды.

Оның екеуі сатылып кетті. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Дегенмен 4 нысан проблемалы болып тұр. Мамандар тағы 35 нысанның жол картасы дұрыс рәсімделмегенін айтады. Мемлекеттік органдардың салғырттығы салдарынан жоспар түгел орындалмауы мүмкін. Ал мониторинг нәтижесінде олқылыққа жол берген 12 нысан бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы