353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сарбаз» шекара кемесі достық сапармен Дағыстанға аттанды

  • 118
«Сарбаз» шекара кемесі достық сапармен Дағыстанға аттанды

Ел қауіпсіздігін Каспийде күзетіп жүрген «Сарбаз» кемесі достық сапармен Махачкалаға аттанды.

«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы басшылары мен кеме экипажын шекарашылар мен олардың отбасы Ақтау теңіз портынан салтанатты түрде шығарып салды. Жылына бір рет жасалатын бұл сапардың маңызы зор. Қазақ шекарашылары ресейлік әріптестерімен кездесіп, мемлекеттік шекараны күзетудегі жауынгерлік әрекеттерімен танысады. Сонымен қатар алда атқарылатын бірлескен шараларды пысықтап, жоспар құрады. Былтыр дәл осындай сапармен Ресейдің «Бриллиант» кемесі Ақтауға келген болатын. Ал қызметке жақында ғана қосылған озық үлгідегі «Сарбаз» кемесі шетелге алғаш рет аттанды.

Ерхат Рафиков, ҚР ҰҚК «жағалау күзеті» өңірлік басқармасы №2201 ә/б командирінің орынбасары:

- Бұл корабль – өзіміздің отандық өнім. Орал қаласында құрастырылған. Қазіргі таңда бұл корабльдің мүмкіндіктері 10 күнге дейін өз еркімен теңізде жүре алады және 5 балға дейін теңіз толқуын көтере алады.

Зулы Исмаилова, шекара қызметкерінің жұбайы:

- Бүгін екі ұлыммен бірге әкемізді маңызды сапарға шығарып салып тұрмыз. Бір жылдың тең жартысын теңізде өткізетіндіктен, жолдасымның жұмыс тәртібіне үйреніп те қалғанбыз. Оған еш ренжімеймін. Бастысы – ол ел тұрғындарының тыныш ұйықтауы үшін қызмет етіп жүр. Бұл мен үшін де, балалары үшін де зор мақтаныш, үлкен мәртебе!

Хабар 24 телеарнасы