361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде кімдер мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық қызмет түрін ала алады

  • 230
Елімізде кімдер мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық қызмет түрін ала алады

Барлық ел тұрғындарының, соның ішінде Қазақстанда тұратын шетелдік азаматтар мен оралмандардың мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілдендірілген медициналық қызмет түрін алуға құқы бар.

Ал оған кірмейтін басқа да денсаулық сақтау саласына қатысты көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу арқылы ала алады. Сонымен қатар жұртшылық өз еркіне қарай ақылы қызмет түрін де пайдаланады.  

Бұл туралы осы сала министрі Елжан Біртанов жаңа жүйеге көшуге дайындық барысына арналған баспасөз мәслихатында айтты. Оның айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік сақтандыру талаптарын тағы бір мәрте қарап шыққан.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Біздің міндетіміз – әлеуметтік теңдік пен кепілдікті сақтау. Сондықтан мемлекет тарапынан кепілдендірілген жаңа модель азаматтардың барлығына базалық медициналық қызмет түрін көрсетеді. Бұл жерде тұрғындардың сақтандыру бойынша тіркелгені не тіркелмегені маңызды емес. Бәрі де алғашқы медициналық-санитарлық көмекті тегін ала алады. Яғни кепілдендірілген көлем негізінде барлық қазақстандықтар өзінің учаскелік дәрігерін таңдап, тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулығын тегін тексертуге құқылы болады.

Хабар 24 телеарнасы