352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысының тұрғындарын зейнетақы және несиеге баспана алу мәселелері қызықтырады

  • 131
Ақтөбе облысының тұрғындарын зейнетақы және несиеге баспана алу мәселелері қызықтырады

Ақтөбеліктер де мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана алуға құлшынып отыр.

Мәртөк ауданының Родниковка ауылында Мәжіліс депутаттарымен өткен кездесуде мемлекеттік бағдарламалардың игілігі сөз болды. Халық қалаулылары қазір еліміздің өңірлерін аралап, тұрғындарға жаңадан қабылданған заңдар мен Елбасының бес әлеуметтік бастамасын түсіндіріп жүр. Ауыл тұрғындарын зейнетақы және несиеге баспана алу мәселелері қызықтырады. 

Глеб Щегельский, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жергілікті атқарушы билік алдағы жұма күні халық пен банк өкілдерінің кездесуін ұйымдастырады деп келістік. Екінші деңгейлі банк қызметкерлері қажетті құжаттар, кезекке тұру ретін және өзге де сұрақтарға жауап береді. Яғни әлеуметтік бастама жүзеге асырылады деуге де болады.

Хабар 24 телеарнасы