353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жедел қызмет телефондарына балалардан 18 мың қоңырау түскен

  • 147
Семейде жедел қызмет телефондарына балалардан 18 мың қоңырау түскен

Семей қаласының құтқарушылары балалардың қылықтарына наразы.

Жыл басынан бері 101 және 112 жедел қызмет телефондарына кәмелетке толмағандардың атынан 18 мың қоңырау шалынған. Мамандар бұл мәселеде ата-аналардың да кінәсі бар екенін алға тартады. Балалар ұялы телефонмен ойнап, байқаусызда жедел қызмет нөмірлеріне хабарласады екен. «Бұдан диспетчерлер уақыт жоғалтып, шын мәнінде көмекке зәру адамдардың қоңырауын қабылдап үлгермеуі мүмкін», – дейді құтқарушылар.

Тоғжан Әділбекова, қалалық ТЖБ орталық өрт байланысы бекетінің диспетчері:

- Балалардың ерте жастан смартфон қолдануларына байланысты олар қателесіп бізге қоңырау шалып ойнайды. «Анамды, әкемді шақыр» деп айтады.  Сондай қоңыраулар түскен кезде біз ата-анасын шақыруын сұрап, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы