356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісмен Атырауда заманауи үлгідегі жатақхана құрылысымен танысты

  • 175

Биыл Атырауда 900 орындық 3 студенттер жатақханасы пайдалануға берілмек.

Мұнайлы өңірге келген Мәжіліс депутаты Бахтияр Мәкен Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысымен танысты.

Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж бұған дейін 60 студентіне жатақхана жалдап келген еді. Алайда ауыл-аудандардан келіп оқитын студенттер қатарының артуына байланысты толық қамти алмады. Биыл жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін 100 орындық жатақхана болашақ музыканттардың алаңсыз білім алуына мүмкіндік береді. Депутат заманауи үлгідегі жатақхана құрылысымен танысып, одан кейін аймақтағы белсенді жастармен кездесті. 

Бахтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Атырау облысы өзінің индустриалдық-инновациялық экономикалық жағынан мұнай-газ өңірі ретінде өзінің жақсы көрсеткішін көрсетіп жатыр. Жатақхананың салынуы бұл да бір серпіліс ретіндегі жақсы көрсеткіш деп айтқым келеді. Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамасы арқылы жастарға арналған «7-20-25» бағдарламасы аясында Атырау қаласында сол бағытта кірген. Соның бағыттары Үкімет тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы