352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында ірі жол апатынан 4 адам көз жұмды

  • 245
Жамбыл облысында ірі жол апатынан 4 адам көз жұмды Nur.kz

Қайғылы оқиға Байзақ ауданындағы Мырзатай ауылының маңында тіркелген.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінде жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қайтыс болды. Тағы бір адам ауыр жарақаттанды. Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Рыскелді Сапарбековтің айтуынша, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оған тиісті медициналық жәрдем көрсету үшін облыс орталығынан арнайы дәрігер мамандар шақыртылған. Жағдайы тұрақты. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы