352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында қарқынды бауға қаражат қажет

  • 176
Түркістан облысында қарқынды бауға қаражат қажет

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы мен халыққа арнаған жолдауы Парламент депутаттарының назарында.

Түркістан облысына барған халық қалаулылары өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, өз бағасын берді. Түлкібас ауданындағы қарқынды бау шаруашылығын аралап көрген Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев бағбандармен жүздесті. Жер емген диқан қауымы мәжілісменге биылдан бастап қарқынды бау егуге берілетін субсидия тоқтатылғандығын жеткізді. «Бұл бау шаруашылығымен айналысатын диқандарға қолбайлау болады», – дейді шаруалар. Мемлекет бағбанға қаржылай қол ұшын созбаса, өнімнің өзіндік құны мен нарықтағы бағасының қымбаттауына тікелей әсер етеді. Өз кезегінде депутат Фахриддин Қаратаев бұл мәселенің мүмкіндігінше шешімін табатынын жеткізді. Ал түлкібастықтар субсидия беру азайғанымен, қарқынды бау көлемін азайтпаймыз деп отыр.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бауға субсидия беріліп жатқан жоқ. Тек тамшылатып суаруға беріліп жатар. Ет өндірісіне де субсидия беріліп жатқан жоқ. Бұрын беріліп еді, қазір тоқтатып қойды. Сол мәселелерге де келешекте арнайы тағы бір қарап, осыған ықпал етіңіздер деген өздерінің ұсыныстарын білдірді. Әрине, бұл мәселелердің барлығы бойынша біз өзіміздің алдағы уақытта іс-жоспарымызда пайдаланып, жұмыс атқарамыз.

Хабар 24 телеарнасы