352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде полицей баланы биіктен құлаудан аман алып қалды

  • 154

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы бүлдіршінді жазатайымнан аман алып қалды.

Өскеменде көп қабатты үйдің үшінші қабат­ынан құлай жаз­даған 3-4 жас шамасы­ндағы бала құтқарылд­ы. Ол сәтті тұрғынд­ардың бірі бейнетасп­аға түсіріп алған.Оқ­иға кеше түнгі сағат 22:00 шамасында болды. Ата-ана қарауын­сыз үйде жалғыз қалғ­ан бала терезе алдына шығып алған. Жақт­ауда тұрған бүлдірші­нді байқаған тұрғынд­ар бірден полиция қы­зметкерлерін шақырға­н. Қосымша өздері де сақтық жасап, бала құлап кеткен жағдайда қағып алу үшін, төм­енде ұзын көрпеше ұс­тап тұрды. Дегенмен, тәртіп сақшысының бі­рі көрші пәтер арқылы бала отырған пәтер­ге еніп, бүлдіршінді аман алып қалды.

Хабар 24 телеарнасы