352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында шалғымен шөп шабудан жарыс өтті

  • 179

Павлодар облысы Новоямышева ауылының тұрғындары ерекше байқау ұйымдастырды.

Ауыл азаматтары пішен шабудан сынға түсті. Техниканың дамыған заманында қолына орақ ұстап, шалғымен шөп шабатындар қатары сирегені белгілі. Ал бір кездері тұрмыстағы ең керек зат болған орақ-шалғылар бүгінде отбасылық жәдігерге айналған. Әйтсе де шалғынға келген байқау қатысушылары аталарынан қалған ескі құрал-саймандарын ала келіпті. Үш топқа бөлінген шөпшілердің арасында жалғыз әйел де бар. Жарыс Павлодар ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «90 қайырымды шара»  аясында өтіп отыр. Ұйымдастырушылар ұмыт бола бастаған кәсіпті қайта жаңғыртып, жастарды еңбекке баулуды басты мақсат еткен.

Толқын Аймолдинова, жарыс қатысушысы:

- Ата-бабаларымыз бұл шөп шабумен, орақ оруды бұрын меңгерген. Қазіргі заманда бұл түгелі ұмытылуда. Қайта жаңғыртып, міне біздің зейнеткерлеріміз ортаға келіп бізге үлгі көрсетіп,  осы ұмытылғанды еске алуға кемектесіп жатыр. Рахмет оларға.

Тоқтасын Қожахметов, байқау ұйымдастырушысы:

- Міне қаншама мында шөп жатыр. Осы шөпті кейбіреулері менсінбейді. Трактор жүрмейді мына арада, не рентабельный шабуға деп. Осындай шөпті қазір қолмен де шауып алуға болады. Сондай іс-шараларды бүгін қолданып жатқан жайымыз бар. Мұның барлығы рухани жаңғыру,  айтып жатырмыз ғой бұл ұмытпау үшін  еске салып жатқан нәрсе.

Хабар 24 телеарнасы