Қарағанды облысында егінжайдың электронды картасы енгізілді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Қарағанды облысында егінжайдың электронды картасы енгізілді

  • 96
Қарағанды облысында егінжайдың электронды картасы енгізілді

Қарағанды облысындағы мың жарымнан астам шаруа қожалығы электрондық картаға қосылды.

Бүгінгі таңда жалпы ауданы 1 млн 200 мыңнан астам  гектарды құрайтын алқаптың картасы дайын. Толықтай жұмыстар Абай, Қарқаралы, Нұра, Шет, Жаңаарқа, Бұқар Жырау, Ақтоғай, Ұлытау аудандарында, сондай-ақ Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған, Саран және Сәтпаев қаласында аяқталды. Электрондық карта егістікке жарамды жерлердің тиімді пайдалануы мен жанар-жағармайдың үнемді шығындалуын бақылайды. Сонымен қатар бұл жоба егін егу айналымын жоспарлап, тыңайтқыштардың дәл мөлшерін есептейді. Қажетті егіс материалдарын нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Болашақта Қарағанды облысында мал жайылымы алқаптарының электрондық картасын құру жоспарланып отыр.

Сырым Бошпанов, облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының өндіріс бойынша орынбасары:

- Осы күзгі жұмыстарда гербицидтер мен жанар-жағармайды алу сынды жұмыстар енді тек электронды карта арқылы жүзеге асырылады. Әр ауылшаруашылық тауар өндіруші цифрлық қол арқылы қожалыққа қажетті мемлекеттік көмекті алатын болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде