361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар ресейлік нөмірмен жүргендердің айыппұл төлеуіне қатысты пікір білдірді

  • 124

Ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері айыппұл төлемейді деген сөз – қауесет.

Әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты Астана қалалықІ шкі істер депаратментінің өкілі осылай жауап берді. Яғни ел аумағында жүрген шетелдік болсын, жергілікті болсын көлік жүргізушілеріне бірдей жауапкершілік қарастырылған. Заң бұзса, айыппұл төлейді. Бейнебақылау камералары барлығын бірдей тіркеп, базаға енгізеді. Кейін иесіне не сенімхатпен жүрген жүргізушіге ескерту жіберіледі. Ал одан жалтарғандарды қала маңындағы тексеру бекеттерінде ұстап, жауапқа тартады. Бұл Қазақстанда жүрген ресейлік, қырғызстандық, армениялық және басқа да елдің нөмірлері бар көліктерге қатысты ортақ талап.

Дархан Ташмұхамбетов, Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің басшысы:

- Қазір бізде жол ережелерін бұзғандарды тіркеу барынша автоматтандырылған. Сондықтан жауапкершіліктен құтылу мүмкін емес. Біздің қызметкерлер планшет арқылы қай көлік қандай ереже бұзғанын көріп отырады. Сәйкесінше қаланың кез келген жерінде жүргізушіні тоқтатып, хаттама толтыра алады. Бұл қазақстандық  және шетелдік нөмірі бар көліктерге де қатысты қолданылады. Заң бәріне ортақ.

Хабар 24 телеарнасы