Петропавлда тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Петропавлда тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр

Петропавлда тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр

Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп, тұрғындарды әбден әбігерге салуда.

Жанып жатқан қоқыс алаңынан бөлінген түтінге әсіресе «Жұмысшы кенті» және «Береке» шағын аудандарының тұрғындары тұншығуда. Жағымсыз иіс қала шетіне бірнеше жыл қатарынан жайылуда. Осыған байланысты эколог мамандар полигон иесіне ескерту жариялап, бірнеше рет 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл да салған. Алайда уақыт өткен сайын жағдай оңалар емес. Енді жергілікті атқарушы билік өкілдері оны басқа компанияға беру мәселесін қарастырып жатыр. Жалпы қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 470-ке жуық қоқыс алаңы бар. Оның тек 14-і ғана ресми түрде тіркелген екен.

Азамат Бектасов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

– Талаптар бойынша қоқыстар бір мөлшерде жиналғаннан кейін, оны инертті материалдармен бастыру керек. Бұл жұмыстар жүргізілген жоқ. Сондықтан осы қалдықтардың өртенуі жиі болып тұрады. Қазір жергілікті атқарушы органдармен шағын кәсіпорындар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде