352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тегін медициналық көмектің көлемі оңтайландырылды

  • 149
Елімізде тегін медициналық көмектің көлемі оңтайландырылды

Қазақстанда тегін медициналық көмек пакетінің жаңа үлгісі 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қатар енгізіледі.

Яғни шұғыл көмек пен мемлекет тарапынан реттеуді талап ететін саланың бәрі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі есебінен жүзеге асырылады. Ал қосымша қызметтер болса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көрсетіледі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. Тегін медициналық көмектің жаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және алғашқы медициналық көмек және қоғамдық мәні бар ауруларды мемлекеттің бақылауына алуға негізделген. Сондай-ақ жедел жәрдем мен санитарлық авиация қызметі де тегін медициналық көмектің кепілдендірілген пакетіне енетін болады.

Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық бөлімінің директоры:

– Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі бойынша медициналық пакеті бұл толыққанды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген кезінде іске қосылуы керек. Себебі мемлекет осы кепілдендірілген көлеміне өзінің жауапкершілігін алса, ал сақтандыру пакеті сақтандырылған азаматтардың есебінен іске асады. Оны енгізу арқыл  көптеген қаржыландыру мәселесі, медициналық көмектің Қазақстанда көрсетіліп жатқан сапасын көрсету мәселесі, кейбір көмектің халыққа қолжетімді етілу мәселелері өзінің шешімін тапқан болар еді.

Хабар 24 телеарнасы