Ақтөбе облысында ерекше бүлдіршіндерге арналған демалыс лагері ашылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Ақтөбе облысында ерекше бүлдіршіндерге арналған демалыс лагері ашылды

Ақтөбе облысында ерекше бүлдіршіндерге арналған демалыс лагері ашылды

Ақтөбеде ерекше бүлдіршіндерге арналған алғашқы жазғы лагерь ашылды.

Бұрын өңірде болмаған демалыс орнында арнайы жаттығу орындары мен инклюзивті алаңдар бар. Балалардың денсаулығын дәрігерлер күнделікті бақылап отырады. Яғни жазғы демалыс пен ем қабылдау қатар жүргізіледі. Алға ауданының Бестамақ ауылы маңында орналасқан жаңа кешенде 8 тұрғын үй бар. Асхана мен мәдениет үйі де өз алдына салынған. Жақын күндері демеушілер қосымша арнайы жаттығу алаңын салып береміз деп уәде берді. Лагердің алғашқы маусымында 40 бүлдіршін демалуда. Жас шамасы да әр түрлі. Жыл соңына дейін 600 баланы қабылдау жоспарланған. Айта кету керек, өңірде ерекше жағдайды талап ететін бес мыңнан астам бала бар.

Екатерина Голотина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

– Менің баламды түнде демікпе қысып қалатыны бар. Бірақ бұл жердегі дәрігерлер күні-түні қадағалап отырады. Сондықтан уайымдамай жібердім. Жазғы лагерьге бірінші рет келуі. Сондықтан жағдай жасап отырған мемлекетімізге алғысым шексіз. Баламның қуанышын айтып жеткізе алмаймын. 

Марал Мыржықбаева, облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары:

– Кешенге бу қазандығын орнату үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жылыту жүйесі жүргізілді. Бу қазандығы орнатылған соң балаларды жыл бойы қабылдауға мүмкіндік болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде