Қазақстанда жыл басынан 700 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Қазақстанда жыл басынан 700 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Қазақстанда жыл басынан 700 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Жыл басынан бері елімізде 700 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ведомства алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жоғары қызметтегі азаматтардың қатысуымен жемқорлық фактілері барлық салада орын алған. Өткен жылдың өзінде республикалық органның 18 жетекшісі, облыстық басқармалар мен департаменттердің 95 басшысы, қалалық және аудандық бөлімдердің 101 атқамінері қолын қылмыстық іске былғаған. Олардың ішінде Энергетика вице-министрі, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттерінің төрағалары мен олардың орынбасарлары, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, құқық қорғау органдарының жетекшілері мен түрлі деңгейдегі судьялар бар.

Алик Шпекбаев, ҚР МҚІСҚА төрағасы:

– Бүгінде біз аумақтық департаменттердің жұмысын бағалау тетіктерін қайта қарадық. Дәлірек айтқанда, олардың жемқорлықпен күресудегі нақты нәтижелерін ғана есепке аламыз. Өйткені біз үшін қылмысты әшкерелеп, жемқорлықтан адамдарды сақтау маңызды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде