361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жыл басынан бері 200-ге жуық адам суға кеткен

  • 125

Елімізде жыл басынан бері 200-ге тарта адам суға кетті. Олардың 65-і бала.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл су қоймаларында 360-тан астам адам зардап шеккен. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында тіркелді. Оған басты себеп жүзе білмесе де суға түсу, балық аулау ережелерінің сақталмауы, кішкентай балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде шомылу, дейді министрдің орынбасары. Осыған орай, биыл елімізде алғаш рет профилактикалық жұмыстар үшін еріктілер тартылып отыр.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Барлығы 2 мыңнан астам ерікті осы жұмыстарға тартылды. Бүгінде бұл бағытта 330 акция өтті. Бұдан бөлек 200 бейнематериал әзірленіп, 123 мың үгіт қағаздары таратылды. Мұндағы басты мақсатымыз – халықты жан-жақты хабарландыру, сақтық шараларын түсіндіру.

Хабар 24 телеарнасы