Оңтүстік Корея Елшісі Д.Теннің қазасына байланысты көңіл айтты - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Оңтүстік Корея Елшісі Д.Теннің қазасына байланысты көңіл айтты

Оңтүстік Корея Елшісі Д.Теннің қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстандағы Корея Республикасының елшісі Ким Дэ Сик Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Ол  Денисті тек біртуар қабілетке ие спортшы ғана емес,адамгершілігі мол, жақынына қамқорлық танытып, көмек беруге дайын азамат ретінде білетінін жеткізді.

«Спортшының мезгілсіз өмірден озуы оның Отаны Қазақстанның ғана емес, бүкіл Корея халқының орны толмас қайғысы» деп жазды.  Ол өз хатында Денис Теннің Жапон империясы басқыншылығы кезінде Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен Мин Гын Хо есімді генералдың ұрпағы екенін еске алды. Елші хатында «Денистің бейнесі әрқашан Корея үкіметі мен халқының жүрегінде сақталады» деп, Оңтүстік Кореяның атынан Денистің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақ екенін жеткізген.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде