Головкин Д.Тенді соңғы сапарға шығарып салу үшін АҚШ-тан жедел ұшып шықты - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Головкин Д.Тенді соңғы сапарға шығарып салу үшін АҚШ-тан жедел ұшып шықты

  • 187
Головкин Д.Тенді соңғы сапарға шығарып салу үшін АҚШ-тан жедел ұшып шықты

Белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин шұғыл түрде Қазақстанға ұшып шықты.

Ол досы Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатыспақ. Бұл жайында Қарағандыда өткен қаралы митингте белгілі болды. Азалы жиынға жиналған қала тұрғындары мен аймақтың белгілі спортшылары Денисті еске алды. Қала орталығына марқұмның суреті қойылған. Гүл әкеліп, рухына тағзым етіп жатқандардың қарасы қалың. Еске алушылардың ішінде Денисті жақын танитындар да аз емес.

Гүлнәр Әлиқұлова, облыстық қысқы спорт түрлері мектебінің директоры:

- Денис Қарағандыға келіп жүрді. Мұз айдынында өз шеберлігін көрсетіп, балалармен кездесті. Жүзі ашық әрқашанда жадырап жүретін жақсы бала еді. Біздің есімізде ол мәңгі чемпион болып қалады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде