352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе тұрғындары Денис Тенді еске алып, орталық алаңда шырақ жағады

  • 158

Денис Теннің қайғылы қазасы Қазақстан жұртын есеңгіретіп кетті. Ақтөбе жұртшылығы да мәнерлеп сырғанаудың саңлағын еске алу үшін жиналды.

Гүл шоқтары мен спортшының суреттерін ұстаған халық орталық алаңға бет алған. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Қыршыннан қиылған жарық жұлдызды еске алуға жиналған Ақтөбе жұртшылығының ауыр қазадан қабырғасы қайысқан. Осы сәтте оталық алаңға мыңдаған ақтөбелік жиналды. Қас қарайғанша олардың саны арта түсері анық. Жұртшылық Денис Теннің жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Шараға жиналған жергілікті спортшылар да мәнерлеп сырғанау шеберін еске алысты. Самбо күресінен әлем чемпионы Есет Қуанов «еліміздің туын халықаралық аренада асқақтатқан Денис Тенмен замандас болғанымды мақтан тұтамын» дейді.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Дәл осы қайғылы күндері барша қазақстандық Денистің жақындарымен бірге. Олар кенеттен болған ауыр қайғыға ортақтасып, көңілдеріне басу айтады. Бүгін спорт жанашырлары мен ардагерлері, жастар, еріктілер мен қарапайым қала тұрғындары орталық алаңда шырақ жағады.

Хабар 24 телеарнасы