361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда жатақханада заңсыз тұрып жатқандар анықталды

  • 141
Қостанайда жатақханада заңсыз тұрып жатқандар анықталды

Қостанайда жатақханаларда заңсыз тұрып жатқандар анықталып жатыр.

«Таза сессия» деп аталатын акция бір ай бұрын басталған. Осы аралықта мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері бірлесіп, бірнеше тексеру рейдін өткізді. Олар облыс орталығындағы университет және колледждердің төрт жатақханасына мониторинг жүргізді. Оқу жылы басталысымен, бұл шара аудан мен қалаларда жалғасады.

Динара Өтебаева, арнайы мониторинг тобының жетекшісі:

– Осындай тексерістердің нәтижесінде Қостанай қаласындағы колледж жатақханаларының бірінде үш адамның заңсыз тұрып жатқандығы анықталды. Білім басқармасына болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде ескерту хаты жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы