352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда зағиптарға арналған ақпараттық жадына таныстырылды

  • 146

Қостанайда зағиптарға арналған ақпараттық жадынаманың таныстырылымы өтті.

Брайль әрпімен жазылған кітапшаға 250-ден астам мәлімет енгізілген. Енді оны облыстық зағиптар қоғамының 700-дей мүшесіне тарату көзделіп отыр. Өңірде кемтар жандарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі істер атқарылып келеді. Атап айтсақ, Қостанайдағы мүгедектерге арналған жеңілдетілген терезе жұмыс істейді. Онда көру қабілеті төмен, тілі мүкіс жандарға барынша қолайлы жағдай жасалған. Ал ақпараттық жадынама зағиптардың электронды қызметті пайдалануын жеңілдетеді. «Осы арқылы олар қажетті анықтамаларды үйде отырып ала алады», – дейді ұйымдастырушылар.

Асхат Ескендіров, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

– Біздің телефондар жазылған. Сосын құқықтар мен міндеттер туралыы біле алады. Және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі анықталған.

Хабар 24 телеарнасы