Зеренді көлінде жағажай салынады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Зеренді көлінде жағажай салынады

  • 118
Зеренді көлінде жағажай салынады

Зеренді көлі жұртшылық демалатын коммуналдық жағажайға айналады. Қазір судың жағасын тазарту, тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақмола обылсындағы бұл көлдің 500 метр аумағы абаттандырылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалмақ. Кәсіпкерлерге де өз ісін бастауға мүмкіндік туып отыр. Жергілікті билік те олардан ұсыныс, жобаларын қабылдауға дайын.  Айта кету керек, бүгінгі күні Зерендіде 40-қа жуық туристік аймақ бар. Сонымен қатар шағын демалыс орындары мен қонақ үйлер жұмыс істеп тұр. Келешекте жол төселіп, бұл бағыттағы жұмыстар жандана түспек.   

Күлия Бексұлтанова, аудандық туризм бөлімінің жетекшісі:

- «Зеренді-Щучинск» бағытындағы жол құрылысы 2019 жылға жоспарланған. Осының арқасында болашақта бұл жерге келетін туристер көбейеді. Мәселен, өткен жылы 90 мыңға жуық қонаққа қызмет көрсетілсе, биылғы жылы көрсеткіш 10-15 мыңға артық болмақ.

Мырзабек Кенжин, Зеренді ауылының тұрғыны:

- Келген халықтан ұялмаймыз. Ресейден келіп жатыр бөлелерім, өте жақсы, қандай халыққа бейімді жер істесе. Қазір бәрі төлемді, жер ақылы. Бізге, жай халыққа ыңғайсыз, сондықтан осындай жер істеп жатқанына қуанамыз, әрдайым балаларымызды әкелуге болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде