352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 67 мың 735 га алқапқа шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген

  • 128
Қостанай облысында 67 мың 735 га алқапқа шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген Ауыл аймақ

Қостанай облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жүргізіліп жатыр.

«Қазір өңірдің оңтүстігінде зиянкестер біліне бастаған. Әйтсе де жылдағымен салыстырғанда жағдай тұрақты. Аса қауіптенудің қажеті жоқ», – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары. Бүгінге дейін аймақта табынды шегірткелерге қарсы 67 мың 735 гектар алқапта химиялық өңдеу жүргізілген. Яғни жоспарланған көлем жүз пайыз орындалды. Зиянкестермен күреске шаруалар да үлес қосып отыр.

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Табындық емес шегіртке дәрнәсілдерін табу үшін 69 мың гектар алқап тексерілген. Соның 21 мың гектары облыстық бюджет есебінен. Қалған 1,5 мыңы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері есебінен өңделген.

Хабар 24 телеарнасы