Шомылу маусымы басталғалы бері Қапшағайда 9 адам суға кеткен - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Шомылу маусымы басталғалы бері Қапшағайда 9 адам суға кеткен

Шомылу маусымы басталғалы бері Қапшағайда 9 адам суға кеткен

Жаз басталғалы судан келер қауіп те көбейді.

Қапшағай көлінде оқыс оқиғалар жиілеп барады. Биылғы шомылу маусымы басталғалы бері 9 адам суға кетті. «Бұл олқылықты болдырмау үшін құтқару қызметін күшейту керек», – дейді мамандар.

Қапшағай қаласына қарайтын жеті жағажай бар. Онда 20 құтқарушы жұмыс істейді. Өткен демалыс күндері мұнда 6 адам суға кетсе, соның төрт дерегі осы қалалық жағажайда болған. Екі адам жабайы жағажайда суға батып кетті. Саралап көрген адамға жеке жағажайларда мұндай бірде-бір оқиға тіркелмеген. Ал Қапшағайдың жағасында 148 демалыс орны бар.

Берікбол Байжүнісов, жеке жағажай қожайыны:

– Үйрету керек, оқыту керек. Бірақ әзірше бізде арнайы кәсіби оқытатын жер, орындар жоқ.

Ілияс Сүгіров, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

– Комиссия отырысында қарадық. Бұл жұмыстарды ұлғайтып, құтқарушылардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Жергілікті атқарушы билік Қапшағайдағы құтқарушылардың санын 2-3 есеге дейін көбейтпекші. Алайда онымен мәселе шешілмейді. Ең алғашқы міндет – демалушылардың жауапкершілігін арттыру. Әрбір адам өз ісіне есеп бере білуі керек. «Сонда мұндай жағдай болмас еді», – дейді демалушылар.

Жаңылхан Қоңқасова, демалушы:

– Белгіленген жерден аспау керек. Баланы қараусыз қалдырмаған жөн.

Құтқарушы куәлігін алу үшін 72 сағат оқу курсынан өтуің керек. Қағаз жүзінде болмаса, ол құтқарушылардың өзін құтқаруға тура келіп жататын жағдайлар да көптеп кездеседі.

Данияр Ибраимов, Қапшағай өңірлік құтқару қызметінің аға құтқарушысы:

– Заң бойынша 72 сағат деп жатады. Ол аз. Құтқарушы болу да оңай жұмыс емес.

Рас, құтқарушы болу да оңай жұмыс емес. «Ең бастысы, адамдар суға түскенде, қауіпсіздік ережелерін сақтау керек», – дейді мамандар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде