352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазған тігін фабрикасы жұмысшыларға арналған киімдерге чип енгізуде

  • 178
Жезқазған тігін фабрикасы жұмысшыларға арналған киімдерге чип енгізуде

Жезқазғандағы тігін фабрикасы жаңа технологияның көмегімен әрбір киімге чип енгізіп жатыр.

Сол арқылы енді әр жұмысшының киіміне қажетті ақпарат жазылады. Ол киімді жууға бергенде, өзгенікімен ауысып кетпес үшін әрі жұмысты қадағалап отыру үшін қажет. «Бұл әсіресе, мыңдаған адам еңбек ететін өндіріс ошақтары үшін өте тиімді», – дейді жаңа бағдарламаның авторлары. Ал тігін фабрикасы, негізінен өңірдегі зауыт-фабрикалар мен шахта жұмысшыларын арнайы киіммен қамтамасыз етеді.

Николай Мишуко, тігін фабрикасының IT маманы:

– Жаңа технологияны өндіріске енгізу үшін заманауи қондырғылар сатып алдық. Киімге тігілген чип ұзақ сақталады. 50 рет жууға жетеді. Бүлініп қалмайды. Кейін ауыстыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы