369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде сыбайлас жемқорлық бойынша 9 адам сотталды

  • 216

Семейде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 9 адам сотталды.

Олардың қатарында полицейлер, кәсіпкерлер мен білім мекемелерінің басшылары бар. Бұл туралы қалалық №2 соттың төрағасы Жанат Әбенова баспасөз мәслихатында жария етті. Белгілі болғанындай, егер жол полицейі пара алғандығы үшін сотқа тартылса, колледж директоры өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иеленгені үшін сотталған. Жазаға кесілген білім мекемесінің басшысы екі мұғалімді шартты түрде жұмысқа қабылдап, олардың айлығын өз қалтасына салып отырған.

Жанат Әбенова, қалалық №2 соттың төрағасы:

- Жемқорлық бойынша сотталғандардың барлығы өз кінәларын толығымен мойындап, өкініп, мемлекет келтірілген залал есебін толтырды. Соған байланысты оларға бас бостандығынан шектеу жазасы және айыппұл жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы