Семейдегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілуі мүмкін - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74

Семейдегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілуі мүмкін

  • 88
Семейдегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілуі мүмкін

Семейде биыл тағы 13 көшенің атауы өзгертіледі.

Ономастикалық комиссия мүшелерінің айтуынша, олардың көбі идеологиялық тұрғыдан ескірген. Жоспар бойынша Крупский көшесіне қазақтың белгілі жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың, ал Краснознаменная көшесіне шығыстың батыр аруы, снайперші Баян Байғожинаның есімі беріледі. Бұлардан бөлек Семейден енді Жібек жолы, Самал, тіпті, Ардагерлер атындағы көшелерді де көруге болады. Ал осы көктемде шаһардағы бұрынғы Ленин көшесінің атауы Мәңгілік, ал Полковничий аралы Бейбітшілік деп өзгертілген болатын. Сондай-ақ биыл қаладағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру қарастырылып жатыр.

Маржан Бахатова, қалалық мәдениет бөлімі тілдерді дамыту секторының меңгерушісі:

- Бүгінгі күні осы идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын ауыстыру тек қана Семей қаласында емес, Семей қаласына қарасты ауылдық округтер мен кенттерде де жұмыс жүргізіліп жатыр. Соңғы ономастикалық комиссия отырысында Знаменка ауылдық округі мен Знаменка ауылының атын ауыстыру мәселесі қаралды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде