Қазақстандық режиссердің фильмі АҚШ кинотеатрларында прокатка шығады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Қазақстандық режиссердің фильмі АҚШ кинотеатрларында прокатка шығады

  • 129
Қазақстандық режиссердің фильмі АҚШ кинотеатрларында прокатка шығады

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі осы күзде АҚШ-тың кинотеатрларында прокатқа шығады.

Бұл туралы режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.  

«Достар, WWMPC «Анаға апарар жол» фильмін АҚШ аумағында тарату құқығына ие болғанын қуанышпен жеткіземін. Осы күзде біздің фильм АҚШ кинотеатрларында прокатқа шығады», – деп жазды Ақан Сатаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Ақан Сатаев фильм сюжетінің негізі ретінде бірнеше күрделі тарихи кезеңдерді қолдана отырып, Қазақстан халқының бұрынғы өмір сүруін көрермендерге баяндайды. Бұл дәуір ұжымдастыруды, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін сипаттайды.

Жалпы бұл фильм баланың анаға махаббатын және ананың балаға махаббатын көрсетеді. Басты рөлді Әділ Ахметов пен Алтынай Нөгербек сомдады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде