356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлықтар жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр

  • 141

Көшесі мен үй-жайы судан құрғамаған павлодарлықтар жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр.

Тұрғындар бұған дейін жерасты суларынан үйлерінің зақымданып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді. Дәл қазір жекеменшік сектордағы екі жүзге тарта үйдің қора-қопсысына су кірген. Толассыз жауған жауын жағдайды ушықтырып жіберді. Таяуда екі сағат бойы нөсер селдетіп, ылғалдың бір айлық мөлшері түскен. Коммуналдық кәсіпорындар су басқан аумақта тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Көше бойы мен тұрғын үйлерден күніне 800 текше метр су шығарылады. Аулаларға құм мен қиыршық тас төгілуде. Елдің айтуынша, жағдайдың бұлай күрделенуіне құрылыс жұмыстарының әсері бар. Бұрын жаңбыр суы жиналған шұңқырлар жойылған. Ал коммуналдық қызмет мамандары жері сазды келетін аумақта судың жерге сіңбей жатқанын алға тартады.

Николай Казанин, қалалық ТКШ бөлімінің жол жөндеу жөнінен сектор меңгерушісі:

– «Павлодар гидрогеология» ЖШС-нің зерттеуі бойынша екінші деңдейден жер асты суларын тартуға 4 эксплуатациялық ұңғыма қазылды. Бес ұңғымадан су тәулік бойы тартылады. Оның төртеуі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Димитров көшесіндегі канализациалық коллектордан су тартып жатырмыз. Коммуналдық кәсіпорындар мен мердігер ұйымдар ассенизатор машиналарымен жаңбыр суынан тазартып жатыр.

Наталья Тушева, қала тұрғыны:

– Қазір үйлеріміз дымқыл тартып тұр. Кез келген үйге кіріп көріңіз. Тамыз айы жаңбырлы болады деп жатыр. Кеуіп үлгермейді. Барлық үйлер судың үстінде тұр.

Хабар 24 телеарнасы