352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сырбойылық 600-ден аса тауар өндіруші электронды платформаны пайдаланады

  • 109
Сырбойылық 600-ден аса тауар өндіруші электронды платформаны пайдаланады

Қызылорда облысының агробиржа құру тәжірибесі барлық өңірге үлгі.

Бүгінде сырбойылық 600-ден аса тауар өндіруші сатып алушы мен сатушы арасында тікелей байланыс орнаған электронды платформаны пайдаланады. Қазіргі таңда жергілікті шаруалар өндірген тауарды қайда, кімге және қай бағада сататынын біле бермейді. Бұл – тек аймақта ғана емес, республикада шешімін таппай отырған проблемалардың бірі. Бұл ретте мамандар тұрғындардың қалтасын қаққан қымбатшылық делдалдардың көптігінен екенін айтады. Агро сарапшылардың пікірінше, олардың үлесі 65-85%-ды құрайды. Бұл азық-түлік бағасының негізсіз шарықтауы мен шаруалардың еңбегінің ақталмауына әкелетіні сөзсіз. Жағдайды бағамдаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен агро-өнімдерді, тұқым, ауыл шаруашылығы техникаларын тыңайтқыштарды сатып алу, сату немесе айырбастауды жүйеге енгізген интернет-ресурс жыл басында іске қосылды. Қазіргі уақытта оның функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тақауда көпшілікке ыңғайлы болу үшін «Агробиржа» мобильді қосымшасы іске қосылады.

Маржан Өмірбаева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– «Аgrosauda.kz» электронды сауда сайтына қазір өзге облыстың тауар өндірушілері де тіркелу үстінде. Алдағы уақытта ол өз кезегінде сатылым нарығын кеңейтіп, экспорттық операцияларды арттыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. Сайтқа бір тілде түсірілген хабарлама немесе жарнама төрт тілде, яғни мемлекеттік, орыс, ағылшын, қытай тілдеріне аударылып ұсынылады. Қызылордалық шаруалар өз өнімдерін экспорттайтын елдердің бірі – Иран болғандықтан, енді оған парсы тілін қосу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы