359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл ел бойынша егіс алқаптары шегірткеден зиян шеккен жоқ

  • 168
Биыл ел бойынша егіс алқаптары шегірткеден зиян шеккен жоқ

Биыл егіс алқаптары шегірткеден зиян шеккен жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осылай деп отыр. Жоспарланған 1,9 млн гектар аумақтың 1,8 млн гектары химиялық өңдеуден өткен. Ал Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында зиянкестермен күрес жұмысы жалғасуда. Көрші мемлекеттер тарапынан шағым-талаптарға жол бермеу мақсатында Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен бірнеше келісімдер жасалды екен. Биыл үйірлі шегірткемен күрес шараларына қазынадан 1 млрд 300 млн теңге қаржы бөлінген.

Ажар Қажыбекова, ҚР АШМ  комитетінің төрайымы:

- уақытылы және нәтижелі іс шаралар өткізу үшін осы қаражатқа біз инстициттар сатып алдық және өңдеу жұмыстарын тасмыалдау және сақтау қызметтері сатып алынды. Зерттеу жұмыстарына 492 зерттеуші және 432 автокөлік қатысты. Қорғау іс шараларына 540 бірлік техника қатысты. Ол самолеттар газа генераторлар. Салыстырсақ 2017 жылы 300 техника ғана қатысқан.

Хабар 24 телеарнасы