352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада адамды өрттен құтқарған Ұлттық ұлан жауынгерлері марапатталды

  • 127

Елордада қарт адамды тілсіз жаудан арашалап қалған Ұлттық ұлан жауынгерлері марапатталды.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай 20 шілде күні Бейбітшілік пен Молдағұлова көшелеренің қиылысындағы үйлердің бірінде болған. Сержант Айзат Дүйсекеев пен қатардағы жауынгер Александр Сущик түтіндеп жатқан үйден мүгедек жанды аман-есен алып шыққан. Осыған орай Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының бұйрығымен Айзат Дүйсекеев «Құқық тәртібі әскеріне 25 жыл» медалімен, ал Александр Сущик «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Айзат Дүйсекеев, ҚР Ұлттық ұлан байланыс бөлімінде аппарат басшысы:

- Өзіміз сарбаз болғаннан кейін бәріне шыдаймыз да. Төтенше жағдай бірінші рет болып тұр. Көмек сұрағаннан кейін Ұлттық ұланның сарбазы болғандықтан жүгіріп шықтық. Мен өзім жеке басым сарбазды ойладым. Егер сарбаз ішінде қалып қойса не болады. Ішінде қара түтін болды.

Хабар 24 телеарнасы