352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында туристерге арналған тарихи алаң ашылады

  • 193

Жылына 2 миллион саяхатшыны қабылдауға қауқарлы Тараз туризмді дамытуға қолайлы аймақ.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шежірелі өлке тарихи, мәдени ескерткіштерге де бай. Енді жамбылдықтар бірнеше тарихи кезеңдерді біріктіретін ауқымды туристік алаң ашуды жоспарлап отыр. 

Жүз жылдан аса тарихи құндылығы бар көне үйлер өткен күннен сыр шертеді. «Әулие ата кезеңі» деп аталын бұл ғимараттар, 90-жылдары жекеменшік иелігіне өткен. Кейбірінің қабырғасы қақырап, қауіпті аймаққа айналған. Өйткені олардың иелеріне, мемлекет қарамағындағы бірегей ғимараттарды өз мақсатына пайдалануға тыйым салынған. Қазір Туризм басқармасы үй иелерімен келіссөздер өткізіп, тарихи құжаттар негізінде бұрынғы сақталған қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізуде.

Жомарт Жүнісов, кәсіпкер:

- Біздің келбетіміз баяғы заманға сай келіп тұр, оны ағымдағы жөндеуден өткізіп тұрамыз, 1 келбетке бояймыз десе, біз оған қарсы емеспіз, енді кәсіпкер болған соң бәріне икемделеміз ғой, заманына сай жұмыс істейміз.

1962 жылы негізі қаланған ғалым Константин Скрябин тұрған музей үй, тоқсаныншы жылдары сейсмологиялық қауіп-қатерге байланысты жабылған болатын. Биыл міне қайтадан жаңғыртылған бұл нысан, ел игілігіне пайдалануға берілді. Жалпы өңірдің ішкі туризмды дамыту картасына енгізілген кешен 26 ғимаратты құрайды, ал олардың 15-іне күрделі қайта жөндеу жұмыстары қажет. Егерде жоба биылдан бастап қолдау тапса, аймақ экономикасының ілгерілеуіне үміт зор

Қарлығаш Аралбекова, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Енді бүгінгі таңда бұл әрине туристік квартал ретінде де бүгін туристер келіп көріп жатыр. Бірақ жаңағы өзінің тарихи сол кездегі келбетін және де мынау біздің қасындағы инфраструктура жол бар, жаңағы сол кезді жарықтандыруы, мостики, гүлдер, вазы деген сияқты оның барлығы сол кездің тарихына үйлесімді келіп тұру керек та сонда туристер+өткен ғасырға сапар шеккендей болып, ол әрине ол жерден жақсы әсерде кету керек.

Қырмызы Жексенбек, тілші:

- Шаһардың көркіне айналғалы тұрған тағы бір туристік кешен көне Тараз тарихи мәдени орталығына жақын, осы аумақты қамтитын болады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде бұл арада бай көпестердің, қолөнершілердің тұрғын жайлары, сондай-ақ сауда дүкендері болған. Енді билік өкілдері тұралап қалған ескі ғимараттардың бойына қан жүгіртіп, жаңа кейіпке енгізбек.

Сауран Қалиев, тарихшы, археолог:

- Міне қазіргі біздің тұрған бөлігіміз сол Тараз қаласы Бектұрғанов көшесі, одан кейінгі Пушкин көшесі, Асқаров көшелері одан кейін Төлеби көшелерінің төменгі бөліктері толығымен сол Әулиеата кезеңіне жататын қала құрылысының ерекше сәулет өнерінің туындылары боп табылатын ескерткіштер болып есептелініп отыр.

Болашақта «Әулие ата кварталы» мен «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығын бірыңғай туристік жаяу жолмен біріктіру жоспарлануда. Сан ғасырлар бұрын ұлы Жібек жолының бойында тіршіліктің күре тамыры болған ежелгі Тараздың тарихи бай мұрасы осылайша өңірдің әлеуетін арттыра түспек.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бахытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы