352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында «Электронды балабақша» жобасы жүзеге асырылады

  • 141

Қызылорда облысында жыл соңына дейін цифрландыру бойынша 37 жоба жүзеге асырылады.

Соның бірі – облыстағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарды «Электронды балабақша» қызметіне көшіру. Жаңа жүйеге қыркүйек айына дейін өңірдегі барлық бөбекжайлар ауысуы тиіс. Әзірге аймақтағы мектепке дейінгі ұйымдардың 37,2 пайызы қамтылған. Бүгінде айтулы бастаманы қолға алып үлгерген тәрбие ошақтарының қызметкерлері қағазбастылықтың азайғанын айтып отыр. «Электронды балабақша» жүйесі әр баланың балабақшаға бару реттілігіне дейін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Тіпті бір баланы бірнеше балабақшаға тіркеп қою секілді келеңсіздіктердің де алдын алуға болады,-дейді мамандар. 

Майра Мелдебекова, облыстық білім басқармасының басшысы: 

- Әрбір балабақшалардың ішіндегі бос орындар, бизнес процестері реттелмеген. Сонымен қатар балабақшадан балабақшаға ауысу мәселелері бойынша барлығы жүйеленбеген. Сондықтан бұл мәселе бойынша қазір мемлекет тарапынан бір балаға мемлекеттік заказ бөлінеді 24 мың теңге. Оны біз қазір жеке меншік балабақшаларға да орналастырамыз. Енді ол жеке болғандықтан ол жерде біз тікелей барып, күнделікті тексеріс жасауға, мониторинг жасауға құқымыз жоқ. Сондықтан бұл мәселені енді автоматты түрде база арқылы ғана шешуді жөн көрдік.

Хабар 24 телеарнасы