356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Айбын-2018»: жеңімпаздар анықталды

  • 186
«Айбын-2018»: жеңімпаздар анықталды

Бүгін «Айбын-2018» республикалық әскери-патриоттық жиынының ресми нәтижелері жарияланды.

Өткен аптада Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған дәстүрлі байқауға қатысқан 32 команданың тек 9-ы жүлделі орындардан көрінді. Өңірлерден келген әскери клубтар арасында павлодарлық «Қайсар» командасы бас жүлде еншіледі. Ал «Айбыны асқақ жас сарбаз» жүлдесі қызылордалық Бекзатхан Қалмырзаевқа табыс етілді. Екінші орыннан оралдық «Жігер» құрамасы көрінсе, үздік үштікті астаналық «Жас бүркіттер» түйіндеді. Ал жасұландықтар арасында бірінші орынды Алматы қаласының өрендері иеленсе, екінші, үшінші орындар сәйкесінше семейлік және шымкенттік жас сарбаздарға бұйырды. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдардың клубтары арасында «Шығыс» әскери ұжымы топ жарса, екінші және үшінші сатылардан сәйкесінше «Жас қыран» мен «Жас десентшы» командалары көрінді.

Айта кетейік, биылғы байқауға барлық облыстан 544 жас сарбаз қатысты.

Мұхамеджан Таласов, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары:

- Қозғалыс жұмысы арқасында еліміздің әскери-патриоттық клубтары саны 2828-ге дейін артты. Онда 74 мың бала қамтылды. Соңғы 2 жыл ішінде «Жас сарбаз» мемлекеттік органмен және қоғамдық ұйыммен бірлесіп республикалық ауқымда әртүрлі 993 шара өткізілді. Оған 110 мыңнан астам адам тартылды.

Хабар 24 телеарнасы