359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да соңғы аптада 4 адам суға кетті

  • 116
БҚО-да соңғы аптада 4 адам суға кетті

Ақжайық ауданы Бударин ауылында тұратын 59 жастағы ер адамның денесін өзеннен жергілікті тұрғындар алып шыққан.

Тағы бір ер адам Жайық өзеніне батып кеткен. Ал таяуда екі бозбала Шаған өзенін кесіп өтпек болғанымен, біреуінің арғы бетке жүзіп шығуға дәрмені жетпеген. Оның денесін құтқарушылар бірнеше күннен кейін тауып алды. Соңғы уақытта мұндай төтенше оқиғалар жиілеп барады. Мамандардың мәлімдеуінше, қайғылы статистиканың көбеюіне адамдардың рұқсат етілмеген жерге шомылуы, мас күйінде суға түсуі және балалардың қараусыз жүруі себеп. Су қоймаларына шомылуға тыйым салатын  500-дей белгі қойылғанымен, көпшілік қауіпті ескере бермейді.

Жарас Көпжасаров, облыстық ТЖД бас маманы:

- 2018 жылдың  осы уақытына дейін облыс аумағында барлығы 30 суға кету фактісі тіркелді. Оның екеуі төтенше жағдай ретінде тіркелді. Қалған 28-і бойынша сот медициналық сараптама тағайындалған.

Хабар 24 телеарнасы