352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы автобустардың соқтығысуы: зардап шеккендерге 10 млн теңге өтемақы төленеді

  • 127
Алматыдағы автобустардың соқтығысуы: зардап шеккендерге 10 млн теңге өтемақы төленеді

Алматыда автобустардың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен жолаушыларға 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Бұл туралы бүгін «Еуразия» сақтандыру компаниясы хабарлады. Тасымалдаушы компанияның жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру заңына сәйкес, қоғамдық көлік апаты кезінде дене жарақатын алған жолаушыларға 200 айлық есептік көрсеткіш немесе әр адамға 481 мың теңгеге дейін өтемақы төленуі тиіс. Ол үшін зардап шеккен азаматтар аталған сақтандыру компаниясының бөлімшесіне келіп, өтініш жазуы керек. «Сондай-ақ жеке басының куәлігі, стационарда немесе амбулаториялық ем қабылдағаны жайлы анықтама және дәрі-дәрмекке кеткен шығын есебі сияықты құжаттар да болуы қажет», – дейді «Еуразия» сақтандыру компаниясының атқарушы директоры Шакир Иминов.

Естеріңізге сала кетейік, 22 шілдеде Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысып, 21 адам зардап шеккен болатын. Бес адам ауруханаға жеткізілген. 

Хабар 24 телеарнасы