352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандының денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өткізіледі

  • 78
Қарағандының денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өткізіледі

Қарағанды облысында күрделі жөндеуді қажет ететін 63 медициналық мекеме бар.

Бұл облыстағы денсаулық сақтау нысандарының оннан бір бөлігін құрайды. Оларды заманауи санитарлық нормаға сай жабдықтауға жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінбек. Ол үшін өңірде медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылады. Жобалық-сметалық құжаттар дайын. Биыл аймақтағы 15 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтеді.     

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:                                                                              

- Біз күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде барлық ескі медициналық жиһаздарды жоямыз. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін дәрігерлер тек өздерінің компьютерлерімен ғана келеді. Яғни барлық жиһаз ауыстырылып, толықтай жаңа медициналық жабдықтар қойылады.

Хабар 24 телеарнасы