369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да лауазымды тұлғалар арасында жемқорлық деректері азаймай тұр

  • 145

Биылғы жылдың алғашқы жартысында Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 105 қылмыс тіркелсе, оның 29-ы  мемлекеттік лауазымды тұлғаларға қатысты болып отыр.

Солардың ішінде 6-ы облыстық және қалалық деңгейдегі бірінші басшылар болып шыққан. Мәселен, жуырда Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен еңбек инспекциясының бірнеше қызметкері күдіктілер санатына ілікті. Олар жеке оқу орталығының басшысымен келісе отырып, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі техникасына оқып жатқан азаматтардан емтиханға оң баға қойғаны үшін ақша талап еткен. Сондай-ақ пара алмақ болғандардың басым көпшілігі полиция қызметкерлері болып шыққан.   

Рустам Ақмырзаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаментінің басшысы:

- Көбісі пара алумен ұсталып жатыр. Жыл басынан бері 15 жайт дедік, оның 105 қылмыстың 27-і пара алу фактісімен, оның 15-і ІІД  қызметкерлеріне қатысты. Жол полициясы қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, сол сатыдағы қызметкерлер.

Хабар 24 телеарнасы