359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да суару арнасындағы су деңгейі көтерілді

  • 90

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының суару каналында да су тасып бөгеттен асып кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, су сол маңдағы шаруашылықтың жеріне жайылған. Сонымен қатар Қазақстан ауылына апаратын жолды да шайып кетті. Дегенмен ешқандай елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Бөгеттен ең жақын Қазақстан ауылына дейінгі қашықтық – 3 шақырым. Аудандық құтқарушылардың айтуынша, кеше кешқұрым шлюз жабылған. Сол себепті қазір жағдай тұрақталды. Су шайып кеткен жол жабылып, әзірге тұрғындар үшін айналмалы бағыт ашылған. 

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Біз жауын-шашынға орай су деңгейлерінің көтерілу мүмкін екенін күн сайын ескертіп келеміз. Міне, сондай жағдай тіркелді. Дегенмен ол маңдағы ауыл-аймаққа төнген қауіп жоқ. Шлюз жабылды. Дәл қазір су шайған шаруашылық жер мен жолды қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы