369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда тұрғындарды алдап келген алаяқтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • 103
Қостанайда тұрғындарды алдап келген алаяқтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда қаржы пирамидасын құрып, адамдарды алдап келген алаяқтың үстінен тергеу жүріп жатыр.

Облыстық Ішкі істер департаменті мамандарының айтуынша, қырық жастағы әйел заңсыз әрекетін 2017 жылдың ақпан айынан биылғы 30 мамырға дейін жалғастырған. Ол құрған пирамидаға сеніп, үш млн теңге қаржы салған тұрғындар да бар. «Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған алданғандар саны әлде де көбеюі мүмкін», – дейді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Нұрлан Арыстанов, облыстық ІІД Тергеу басқармасының басшысы:

- 40 жастағы әйел «Five Winds Asset Manegement» компаниясы төлемдерін тоқтатқанын біле тұра осы компаниясының атынан инвестициялық портфель ашқан. Бүгіндері әйелдің алаяқтық іс-әрекеттерінен жапа шеккен 20 шақты адам Қостанай қалалық Ішкі істер басқармасына шағымданып отыр. Зиян сомасы 20 млн теңгеден артық.

Хабар 24 телеарнасы